Жаңалықтар

2013 жылғы 15 мамыр күні «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбында «Консилиум» бағдарламасы көрсетілді. Бағдарламаға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашу және алдын алу басқармасының бастығы Б.Сихымбаев және баспасөз хатшысы Л.Искакова қатысты.
Аталған Департмент қызметкерлері телеарнаның көрермендеріне мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және қаржы полициясы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі туралы айтып өтті.
Сонымен қатар бағдарламаға қатысушылар қаржы полициясы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі қызметін талқыға салды.

2013 жылғы 16 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінде баспасөз хатшысы Н. Жахин «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау» тақырыбында брифинг өткізді.
Зияткерлік құқықтарды бұзу үшін қылмыстық заңнамамен ең ауыр жаза ретінде мүлікті тәркілеумен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңына сәйкес, автордың немесе өзге құқық иеленушінің сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік (айрықша) құқығы бар.
Алайда, бағдарламалық өнімдердің құқық иеленушілерінің авторлық құқығын бұзуға заңмен тыйым салынғанымен, осы салада заңсыз қызмет орын алуда.

«Жемқорлыққа жол - жоқ!» атты республикалық ақпараттық-насихаттау акциясы аясында ағымдағы жылғы 15 мамырда «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы М.Төлеубаев азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында облыс тұрғындарының бірқатар проблемалық сұрақтары қаралып, қажетті тексеру жүргізу үшін бақылауға алынды, сондай-ақ азаматтардың кейбір шағымдарына түсіндірме сипаттағы жауаптар берілді.

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің арасында өткізілетін 13 спартакиада аяқталды. Мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы дәстүрге арналған спорттық шаралары денсаулықты нығайту, денешынықтыру мен спортқа тарту, белсенді демалысты ұйымдастыру, спорттың кең тараған түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсаттарымен өткізіледі.
Спартакиаданың бағдарламасына сәйкес бір жарым мыңнан аса мемлекеттік қызметшілер мен құқыққорғау органдарының қызметкерлері жеке-командалық құрамда волейбол, үстел теннисі, шағын - футбол, жүзу, тоғызқұмалық, шахмат, президенттік көпсайыс, бильярд және шаңғы жарысы сияқты спорт түрлерінен жарысқа түсті.
ШҚО бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Ахмадиев М., Жиенбаев Н., Мұхамеджанов Е., Ахметзакиева Р., Кожубаев Д., Құсайынов А. барлық жарыстарға белсенді түрде қатысты.

Жедел-іздестіру іс - шараларын жүргізу кезінде Қарағанды облысының қаржы полициясының қызметкерлері ағымдағы жылғы сәуірде экономикалық контрабанда қылмыстарына қатысы бар Алматы қаласының 2 тұрғынын анықтады.
Анықтылғындай, 2012 жылғы маусым - тамыз аралығында жалған тұлғаларға рәсімделген 3 ЖШС мекен - жайларына 12 теміржол вагондарымен ҚХР-нан жүк келген, олардың ішінде жалпы сомасы 454 млн. теңгеге қурайтын халық тұтынатын тауарлар, атап айтқанда, киім-кешектер, автомобиль қосалқы бөлшектері, тұрмыс техникасы және т.б. болған. Сонымен бірге көрсетілген ЖШС мекен - жайына 2 жүк машинасында сомасы 317 млн. теңгеге ұқсас тауарлар келген (барлығы – 771 млн. теңге).
Транзиттік декларациялар мен тауарды алып жүру құжаттарындағы мәліметтерге сәйкес, вагондарда едәуір төмен бағаларға сатып алынған гранит және мазар тастары, алебастр, фанералар және өзге де құрылыс материалдары болған.
Жедел ақпарат
Агенттік ҚР ҚК 311-бабының 2-бөлігі (пара алу) бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас эксперті К. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол Астана қаласында 2013 жылғы 8 мамырда «Универсальная комунально-торговая база-2007» ЖШС директорының орынбасарынан энергетикалық сараптама жүргізуге рұқсат беру куәлігін қысқа мерзімде беру үшін 150 мың теңге пара алған.
Атырау облысы бойынша Департаменті ҚР ҚК 222-бабының 1-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару) бойынша «КМГ Кашаган Б.В.» жауапкершілігі шектеулі жеке компанияның есепшісі Х. деген азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 2008 жылғы 1 қаңтармен 2010 жылғы 20 қыркүйек аралығында, аталған мекеменің декларацияларына көрінеу бұрмаланған деректерді еңгізу арқылы бюджетке төленетін салық төлемдерін төлеуден жалтарып, мемлекетке 12 млрд. теңгеге залал келтірген.
Жамбыл облысы бойынша Департаменті ҚР ҚК 192-бабының 1-бөлігі (жалған кәсіпкерлік) бойынша 2013 жылғы 8 мамырда «Машира» ЖШС-нің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар 2010-2013 жылдар аралығында өзге мүліктік пайда алу мақсатында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, заңды тұлғаларға көрінеу жалған шот-фактураларды жазып беріп 846 млн. теңге салық төлемдерін төлеуден жалтаруға жәрдемдескен.
Қостанай облысы бойынша Департаменті ҚР ҚК 314-бабының 1-бөлігі (қызметтік жалғандық жасау) бойынша «Шыгыс» МКК-нің директоры Х. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол Қостанай қаласында 2009-2011 жылдар аралығында, қызмет мүдделерін кереғар пайдаланып, «Есиль-Су» МКК үшін пайда табу мақсатында, су пайдаланушылармен тексеру актісіне әдейі жалған мәліметтермен заңсыз қол қойып, қызметтік жалғандық жасады, осымен ол мемлекетке ірі мөлшер болып саналатын 4 млн. теңге сомасында залал келтірген.
Алматы қаласы бойынша Департаменті Қарасай ҚР ҚК 28-бабының 4-бөлігі-312-бабының 2-бөлігі (пара беруге азғыру) бойынша АІІБ УҰО Р. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 2013 жылғы 27 сәуірде Алматы қаласының Алатау ауданы ІІД қызметкеріне қылмыстық іске тартпау үшін А. деген азаматты 377 мың теңге пара беруге азғырған.



























